Ел жаңалықтары

Kaspi Bank бойынша аударымдарға салық салу: Ұлттық банк ұсынысқа қатысты пікір білдірді

  • Kaspi Bank бойынша аударымдарға салық салу: Ұлттық банк ұсынысқа қатысты пікір білдірді

    Kaspi Bank бойынша аударымдарға салық салу: Ұлттық банк ұсынысқа қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Ұлттық банкі кәсіпкерлік қызметінде электронды транзакцияны пайдаланатын қазақстандықтарға салық төлеуді міндеттеу қажеттігіне қатысты өз ұстанымын айтты. Ерболат Досаевтың сөзінше, қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеру туралы ұсыныс әзірге талқылану үстінде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәжіліс кулуарында қаржы министрлігінің Kaspi Bank бойынша аударымдарға салық салу ұсынысына қатысты пікір білдірді.


«Менің пікірімше, қаржы министрлігі салық салуды көздеп отырған жоқ, тек осы төлемдерден салық төленіп отырғанын көргісі келеді. Ұлттық банк пен министрлік бірлесіп жұмыс істеуде. Қолма-қол ақысыз төлемдер көлемінің артуы бюджет кірісінің артуымен қатар жүруі тиіс деген пікірдемін. Бұл қалыпты жағдай. Себебі ақша көлеңкеден шығады немесе көлемі артады. Сондықтан үкіметтің фискалдық мақсаты, жалпы, біздің көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған жұмысымыз қосымша кірістер түріндегі жағымды нәтижелермен қатар жүргенін қалар едік», - дейді Досаев.


Сонымен қатар ол қаржы министрлігінің ұсынысы Kaspi Bank бойынша жасалатын төлемдерге ғана қатысты емес екенін атап өтті.


«Бұл мәселе бүкіл банк секторына қатысты. Төлемдердің қажетті деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, банк секторы үкімет пен қаржы министрлігіне серіктес болатын шығар. Әзірге бұл қаржы министрлігінің ұсынысы ғана. Әзірге банк қоғамдастығымен де талқылануда», - дейді Ұлттық банк төрағасы.


Еске сала кетсек, бұған дейін қаржы министрлігі салық төлеуден жалтарып жүрген кәсіпкерлерді анықтау үшін, қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеретіні туралы хабарланған еді.




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.11.2019, 12:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31