Ел жаңалықтары

"Kcell Solutions" компаниясының бұрынғы директоры 450 миллион теңге ұрлап, құмар ойынға тіккен

  • "Kcell Solutions" компаниясының бұрынғы директоры 450 миллион теңге ұрлап, құмар ойынға тіккен

Алматыда "Kcell Solutions" ЖШС бұрынғы қаржы директорына жалған құжаттар арқылы 450 миллион теңге ұрлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, "Kcell Solutions" ЖШС бұрынғы қаржы директоры жалған құжаттарды пайдалану арқылы "Кселл" АҚ-ның 450 миллион теңгесін жымқырған.

Тергеу кезінде анықталғандай, экс-директор 2018 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың сәуірі аралығында бес компанияның есепшотына аудару арқылы 258 миллион теңге жымқырған. Күдікті олармен "Kcell Solutions" ЖШС-ға қызмет көрсету туралы жалған келісімшарт бекіткен. Сондай-ақ өз атына заңсыз 192 миллион теңге аванс аударған.

"Осылайша ол меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасап, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының құрамына, яғни бақылаушы акцияларының 51%-і "Қазақтелеком" АҚ-ға тиесілі "Кселл" АҚ-ға аса ірі мөлшерде залал келтірген", - делінген хабарламада.

Күдікті жымқырған ақшаны букмекерлік кеңселерде ұтылып қалған.

Қазір ер адам қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр.




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 19:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31