Ел жаңалықтары

«Nur Otan» партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді

  • «Nur Otan» партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді

    «Nur Otan» партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді

«Nur Otan» партиясынан Алматы қалалық мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңес Бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес құрамында 29 кандидат бар тізім бекітілді және VІI сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаттары ретінде тіркелу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді.

Партияның қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, жаңа депутаттық фракцияның алдында «Алматы-2050» стратегиясы негізінде әзірленген сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау және сайлаушылардың өтініш-тілектерін орындау міндеті тұр.

Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 31%-ды, жастардың үлесі 24%-ды құрады. Орташа жасы 43 жасты құрады (бұрын VI сайланған кезде 48 жас), яғни құрамы 5 жылға жасарды.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының тізімі:

1. Ақанова Әсия Айқанқызы &ndash Алмалы аудандық белсенді ұзақ өмір орталығының және «Күміс ғасыр» ҚҚ-ның директоры.

2. Авершин Константин Викторович &ndash «Я - алматинец» қоғамдық қозғалысының жетекшісі.

3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы &ndash Қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер.

4. Әділханов Мұрат Әділханұлы &ndash «Көктем групп ЛТД» ЖШС-нің басқарма төрағасы.

5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы &ndash «Tanmedia Group» директорлар Кеңесінің төрағасы.

6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы &ndash №169 мектеп-лицейдің директоры.

7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы &ndash «Алматы ӘКҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы.

8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы &ndash Д. Қонаев атындағы коледж директоры.

9. Грачев Михаил Владимирович &ndash «ДСУ-13»АҚ-ның директоры.

10. Есматов Серік Аманжолұлы &ndash Параолимпиадашы, волейболдан Қазақстанның жастар құрама командасының экс-капитаны.

11. Жүдебаев Арман Әділханұлы &ndash Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры.

12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы &ndash «Good food KZ» ЖШС-нің директоры.

13. Ибрагимова Ляззат Еркенқызы &ndash «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» АҚ-ының басқарма төрағасы.

14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы &ndash бокстан Олимпиада чемпионы, «Бокстан олимпиадаға даярлау орталығы» РМКК-ның директоры.

15. Канкуров Станислав Владимирович &ndash Nur Otan партиясы Алматы ҚФ төрағасының бірінші орынбасары.

16. Қасымов Ерболат Болатұлы &ndash «Айсултан» холдингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.

17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы &ndash Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ-ның директоры.

18. Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы &ndash «қалалық кардиологиялық орталық» ШЖҚ МКК-ның бас дәрігері, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы.

19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы &ndash «Q3 Worldwide» инвестициялық холдингтің бас директоры.

20. Құрманбек Әсел &ndash «Green Works» ЖШС-нің құрылтайшысы.

21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы &ndash «Атрикс-Строй» ЖШС-нің директоры.

22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы &ndash «№5 қалалық клиникалық аурухана» МҚК-ның бас дәрігері.

23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы &ndash «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы.

24. Талбидинов Есенгелді Закірханұлы &ndash «Жол-Транссервис 2006» бас директоры.

25. Тау Нұрымбек &ndash «Daco motors KZ» ЖШС-нің директоры.

26. Өмірбаева Зауреш Әбілғожанқызы &ndash Кәсіподақтардың Алматы қаласы бойынша «Кәсіподақ орталығы» Аумақтық бірлестігінің төрайымы.

27. Финогенов Максим Владимирович &ndash «DWS group» компаниясының директоры.

28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы &ndash «АЗМК» ЖШС-нің бас директоры.

29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы &ndash Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31