Ел жаңалықтары

QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

  • QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

Нұр-Сұлтанда “QazForum-2021” қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың V форумы өтеді.

2021 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді.

Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы ең үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондай-ақ бейресми кездесулер өткізеді.

Биыл Форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және қазақстандық медиадағы жаңа тенденциялар», «Пандемия кезіндегі медиа–трендтер» секілді тақырыптарды талқылап, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші медиа-сарапшыларының шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізу жоспарланып отыр.

Форум қонақтары мен спикерлері:

• Аида БАЛАЕВА, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

• Джуди КУО, АҚШ -тың Қазақстан Республикасындағы елшісінің міндетін атқарушы;

• Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

• Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі;

• Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры;

• Қарлыға МЫСАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті деканының орынбасары

• Әлішер ЕЛІКБАЕВ, журналист, PR маманы, кәсіпкер, Astana Group президентінің кеңесшісі;

•Мақпал ЖҰМАБАЙ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарматөрайымының орынбасары

• Марат ОРАЛҒАЗИН, шоумен, сценарист, режиссер жәнепродюсер;

• Ерболат БЕДЕЛХАН, әнші, продюсер;

• Айзат ҚҰСАЙЫНОВ, «ÕZEN» лейблінің негізін қалаушы, продюсер;

• Алмас ЖАЛИ, продюсер, «Brave Talents» продюсерлікорталығының негізін қалаушы;

• Асхат ХАЛИМОВ, продюсер, «JKS ENTERTAINMENT»негізін қалаушы;

• Ғалымжан КЕНШІЛІК, шоумен, «Қазақстан» РТРК тележүргізушісі;

• Абай СЕРҒАЗИЕВ, GALAMAT MEDIA басшысы;

• Өркен КЕНЖЕБЕК, блогер, тележүргізуші;

• Думан СМАҚОВ, factcheck.kz сайтының бас редакторы;

• Айсана АШИМ, The Village Kazakhstan тәуелсіз БАҚ директоры

Кештің арнайы қонақтары – ÕZEN лейблінің резиденттері: dudeontheguitar және YENLIK.

QAZFORUM-ның бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ–тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі.

Аккредиттеу және қосымша ақпарат:

Ғалия Садубаева, +7 747 377 08 17

info@qazforum.kz, galiya@b-event.kz




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

сенбі, 23.10.2021, 00:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30