Ел жаңалықтары

SMS хабарлама арқылы зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады

  • SMS хабарлама арқылы зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады

    SMS хабарлама арқылы зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады

SMS арқылы зейнетақы жинақтарын тексеруге арналған БЖЗҚ-ның жаңа қызметі пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Инвесторларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу ақысын төлеу, сондай-ақ жеке меншік басқарушы компаниялардың инвестициялық басқаруға беру үшін мақсатты пайдалануға қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу үшін жаңа қосымша қызметті іске қосты, делінген БЖЗҚ хабарламасында.

 
Қызметті пайдалану үшін, cabinet.enpf.kz/porog порталына кіріп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберілетін бір реттік парольмен кіру керек.

Бір реттік құпия сөзбен авторизациялау үшін сізге бірнеше қадам жасау қажет:

ЖСН мен ұялы телефон нөмірін енгізіңіз;

жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісіміңізді беріңіз;

«Код жіберу» батырмасын басыңыз;

ұялы телефоннан алынған алты таңбалы кодты енгізіңіз.

"Бұл қосымша қызмет салымшыларға ыңғайлы және ЭСҚ-сыз және БЖЗҚ филиалдарына бармай-ақ жеткіліктілік шегін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. Қызмет уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына толық сәйкес келеді", - деп толықтырды БЖЗҚ.




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31