Ел жаңалықтары

The Economist рейтингі: Қазақстан 32-орында

  • The Economist рейтингі: Қазақстан 32-орында

    The Economist рейтингі: Қазақстан 32-орында

Қазақстан The Economist журналының азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде әлемде 32-орынға ие болды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

 «Өткен жылдың қорытындысы бойынша АӨК саласында барлық макрокөрсеткіштер бойынша өсім бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,7 пайызға ұлғайып, 6,3 трлн теңгеге жетті. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім. Сонымен қатар, Қазақстанда азық-түлік өндірісі 4 пайызға өсті», - деді министр.
Министрдің дерегі бойынша, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар ағыны 15%-ға, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 13,5%-ға ұлғайды. Нәтижесінде, АӨК инвестицияларының жалпы көлемі жоспардағыдан 154,2 млрд теңгеге асып, 677,2 млрд теңгені құрады.

«АӨК өндірісінің өсім көлемі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының ұлғаюымен нақтыланды. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. АӨК саласында жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін британдық The Economist журналы өткізетін Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингі де растады. Онда Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 позицияға көтеріліп, әлемнің 113 елінің арасынан 32-орынға ие болды», - деп атап өтті министр Сапархан Омаров. 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31