Ел жаңалықтары

World Wide Minerals дауы: Ағылшын Жоғары соты Қазақстан пайдасына шешім шығарды

  • Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

    Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Ағылшын Жоғары соты World Wide Minerals дауы бойынша Қазақстан пайдасына шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

 

2020 жылғы 23 қарашада Англияның Жоғары соты Қазақстан Республикасына қарсы World Wide Minerals канадалық компанияның және Пол А. Кэроллдың талабы бойынша осыдан бұрын шығарылған төрелік шешімнің (соның ішінде залал, пайыздар және сомалар бойынша мәніне қатысты) күшін жойды.

 

Бұрын хабарланғандай, 1 пайыздан кем мөлшерінде талапкерлерге өтемақы ұйғарумен шешім шығарылған.

 

Қазақстан Республикасы шешімге шағымдану үшін 2019 жылдың қараша айында 1996 жылғы Төрелік Заңның 68-бабының тәртібімен төреліктің қаралатын орны бойынша Англияның Жоғары сотына өтініш берді.

 

Нәтижісінде, Англияның Жоғары соты 2020 жылғы 23 қарашада қазақстандық тараптың дәлелдерімен келісе отырып, Талапкерлерге ұйғарылған талап сомасы мен шығындарға қатысты шешімнің күшін жойып, оны төрелік трибуналға қайта қарауға жіберді.

 

Сондай-ақ, сот World Wide Minerals Ltd және П. Карролдан ҚР-ның пайдасына  350 000 АҚШ доллары көлемінде сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Англияның Жоғары соты 1996 жылғы төрелік Заңның 68-бабының тәртібінде шағымдану процесіне байланысты Қазақстан Республикасына берілетін өзге де шығындардың сомасын қосымша бағалайды.

 

Бұл Қазақстан Республикасы өзінің беделін нығайту үшін құқықтық тетіктер қолдану шеңберінде өзінің мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастыратынын растайды. Осының бәрі әділ шешімдерге қол жеткізу жолындағы түбегейлі қайсарлықты көрсетеді.

 

Осы дауда Қазақстан Республикасының мүдделерін Әділет министрлігі, Reed Smith LLP халықаралық заң фирмасы, Essex Court Chambers адвокаттық палатадан Джо Смоуа корольдік адвокаты, Лондон қ. 3 Verulam Buildings адвокаттық палатының мүшелері Кристофер Харискорольдік адвокаты және Пол Ви адвокатымен бірлесе білдіреді.

 

Essex Court Chambers және 3 Verulam Buildings өкілдері бірқатар көпмиллиардтық төрелік талаптар бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін сәтті қорғанын атап өту қажет.

 

Сондай-ақ, 3 Verulam Buildingsтның өкілі корольдік адвокат Али Малек 2017 жылы "Стати" ісі бойынша Англияның Жоғары сотында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдірген. Оның нәтижесінде, Статидің пайдасына төрелік шешім алаяқтық жолымен алынғандығы туралы жеткілікті сенімді дәлелдердің (prima facie) болуы туралы шешім шығарылды.

 

 

 




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31