Ел жаңалықтары

Абаев биліктің ауысуы жайлы тараған сыбысқа пікір білдірді

  • Абаев биліктің ауысуы жайлы тараған сыбысқа пікір білдірді

    Абаев биліктің ауысуы жайлы тараған сыбысқа пікір білдірді

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжілісте елімізде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қатысты заң жобасын таныстырды. Осыдан кейін министр БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Дәурен Абаевқа сұрақтарын қойған журналистерді Nur Otan партиясының алдағы жинында қандай мәселе көтерілетіні қызықтырған.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері отырыста ел президентінің ауысуы жайлы сұрақ қарастыралды ма деген сауал да қойған.

Алайда министр кезекті жиында не жайлы талқыланатынын айта алмайтынын жеткізген. Ал президент ауысады деген сыбыстың шындыққа жанаспайтынын кесіп айтты.

"Ақпарат министрі ретінде мен бұл хабарды жоққа шығарамын", - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек наурыз айында Елбасының қатысуымен партияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлаған еді.

 
 

Кейін тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай отырыс 18 наурызда өтетінін хабарлады.

nur.kz

 




Көрілген: 606    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 21:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30