Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді

03 маусым 2022, 20:14

Үкімет ҚР Президентінің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шаралар жоспары мынадай шараларды қамтиды:

 

жаңа облыстардың шекараларын белгілеу;

 

орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарын құру;

 

орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту;

 

жаңадан құрылған облыстар арасында бюджет бөлу балансын қабылдау;

 

облыстарды құру шеңберіндегі шығыстарды республикалық бюджетті қалыптастыру мен нақтылау үшін қарауға енгізу және басқалар кіреді.

 

Жоспардың қабылдануы жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған облыстарда мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі үшін қажетті іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді.

 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа облыс орталықтарында бірқатар көшпелі кеңестер өткізді, олардың барысында өңірлердің қажетті әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жалға алуға және жөндеу жүргізуге дайындығы мен қажеттіліктері бағаланды.

 

Жалпы жүргізілген талдау жұмыстары жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті әкімшілік ғимараттар дайын екенін көрсетті.

 

Биыл 16 наурызда Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда үш жаңа облыс құрылатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Үкіметтік комиссия құрылды, ол аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде жария тыңдаулар ұйымдастыруды, тұрғындардың жергілікті өкілді органдармен кездесулерін, сондай-ақ республикалық ономастикалық комиссияның отырысы секілді ауқымды жұмыс жүргізді.