Абай облысына қандай аудандар кіретіні белгілі болды

06 сәуір 2022, 20:20

Шығыс Қазақстант облысынан жаңадан құрылатын Абай облысына қандай елдімекендер берілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс бүгін, 6 сәуірде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыланған.

 

Сонымен, алдағы уақытта ШҚО шекарасы 97,8 мың шаршы шақырым болып, оған Өскемен мен Риддер қалалары, сондай-ақ Глубокое, Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары енбек. Облыстың әкімшілік орталығы Өскемен болып қала береді.

 

«Орталығы Семейде құрылатын Абай облысы 185,5 мың шаршы км аумақта орналасады және Семей мен Курчатов қалаларын, сондай-ақ Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандарын қамтиды», – делінген деректе.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жетісу мен Алматы облыстары қалай бөлінетіні мәлім етілді. Ендігі кезек Қарағанды облысынан өз еншісін алатын Ұлытау өңірінде болып тұр.