Абай облысында жолаушылар автобусы аударылды (видео)

20 маусым 2022, 13:51

Абай облысында Алакөл-Семей тас жолында жолаушылар мінген автобус аударылды. Салдарынан жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жол апаты 19 маусымда 04:50-де болған. 

"Алакөл-Семей бағытындағы Setra-S маркалы рейстік автобустың 56 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан 13 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. Автобус Семей, Жарма ауданына бара жатқан", – делінген полиция департаментінің хабарламасында. 

Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген, ал жүргізушісі ауруханаға жатқызылған. 

Қазір құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.