Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әбілхан Аманқұл Сауль Альварестің бокс кешінде мексикалық қарсыласын нокаутпен жеңді

07 мамыр 2023, 11:01

 Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Сапопанда (Мексика) Сауль «Канело» Альварестің бокс кешіндегі андеркардта өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустоға (7-6-3, 4 КО). қарсы шықты. Жекпе-жек супер жартылай салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Әбілхан Аманқұл кәсіби рингтегі 4-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Фабиан Риос Фраусто кәсіби мансабында 7-ші рет жеңілді.

Аманқұл әуесқой бокста әлем чемпионатының (2017) күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері (2018), сондай-ақ Азия чемпионатының (2017) қола жүлдегері болған. Ол Сауль Альварестің залында Эдди Рейносоның жетекшілігімен жаттығады.