Ел жаңалықтары

Адам терісінен жасалған кітап елордадағы көрмеге қойылады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

2019 жылдың 24-27 сәуірінде «Көрме» орталығында «Eurasian Book Fair-2019» кезекті Еуразиялық халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Көрме-жәрмеңкеге алыс және жақын шет елдерден - Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Түркия, Қытай, Иран, Польша, Бельгия, Латвия, Украина және Өзбекстан сынды 13 мемлекеттен 90 компания қатысады.


Кітаптармен бірге аталған көрмеге сирек кездесетін қолжазбалар да қойылмақ.


«Қазіргі уақытта Ұлттық академиялық кітапханада 13 мыңнан астам сирек кітаптар мен қолжазбалар сақтаулы. Қорымыздың ең үздік экспонаттарының бірі - 1532 жылы көрсетілген ескі латын қарпінде жазылған қолжазба. Бұл кітаптың мұқабасы адам терісінен жасалған, сондықтан көрмеге келушілердің барлығы осы кітапқа қызығушылық танытып отыр. Көрмеде атышулы кітаптың қасына күзет қойылады», - деді Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Дәуренбекқызы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Сонымен бірге, сирек кездесетін кітаптар арасында Парсы, Үндістан, Қытай және Жапонияның түпнұсқа еңбектерінен алынған 1735 жылы шығарылған қытай ойшылдарының кітабы бар.


«Бұл кітап үш данада жарық көрді, олардың бірі Луврде, екіншісі - Қазақстанда сақталса, үшінші - белгісіз оқырманның қолында», - деді ол.


Айта кетейік, жыл сайын Халықаралық кітап жәрмеңкесі кітаптарды насихаттау, қатысушы елдердің әдеби мұраларын дамыту және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өтеді. Көрме аясында 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Көрме келушілеріне әдеби экскурсиялар, жұмбақ поэтикалық маршруттар, авторлармен, баспагерлермен, суретшілермен кездесулер ұйымдастырылады.


 




Көрілген: 683    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 16:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30