Ел жаңалықтары

Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды

  • Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды

    Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Белгілі қазақстандық актер Әділ Ахметов Жастар театрының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Барша астаналықтар үшін сүйікті Жастар театрының басшылығына Әділ Ахметовтың тағайындалғанын үлкен қуанышпен қарсы алдым. Әділ – белгілі театр және кино актері ғана емес, осы театрдың алғашқы күнінен бастап еңбек етіп жүрген майталман маман", - деп жазды ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында.  

Осы орайда, министр Әділ мен театр ұжымын шын жүректен құттықтады.

"Сөз жоқ, бұл қуаныштың түбінде осынау театрдың негізін қалап, талантты да талапты дарындардың басын бір арнада қосқан театрдың көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай ағамыздың еселі еңбегі жатыр", - деп атап өтті ол.

Балаева театрдың жаңа басшылығы осындай жылдар бойы қалыптасқан жылы дәстүрді жалғап, өнер ұжымын келешек шығармашылық жеңістерге жетелейді деп сенім білдірді.

Әділ Ахметов туралы не білеміз

Әділ Ахметов 2002-2006 жылдары Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Драма және кино актері" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын "Мен" театрында бастап, 2007 жылы Астана қаласы Жастар театрының негізін қалауға атсалысқан.

"Кек", "Қалжа", "Елім-ай", "Астана – махаббатым менің", "Армандастар", "Алдар көсе", "Парыз", "Жаужүрек мың бала",  "Қара шаңырақ", "Томирис", "Анаға апарар жол" және тағы басқа фильмдерде ойнаған. 

"Дарын" жастар сыйлығының лауреаты. "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының иегері.


 

 

 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 21:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31