Ел жаңалықтары

Әділет министрлігі Nur Otan жарғысындағы өзгерістерді тіркеді

  • Әділет министрлігі Nur Otan жарғысындағы өзгерістерді тіркеді

    Әділет министрлігі Nur Otan жарғысындағы өзгерістерді тіркеді

Әділет министрлігі партияның кезектен тыс XX съезі барысында қабылданған Nur Otan жарғысындағы өзгерістерді тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Nur Otan-ның жарғылық құжатында партияішілік сайлау &ndash праймериз өткізу туралы норма енгізілді.

«Съезд қаулысымен партия жарғысының 2.4-тармағы енді мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылды: праймериз өткізу &ndash Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуға үміткерлерді алдын ала партияішілік іріктеу», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2013 жылы қабылданған Саяси доктрина Nur Otan партиясының саяси платформасына өзгертілді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қарашада Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі өтіп, оның барысында «Өзгерістер жолы: әр адамға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы қабылданды.

Съезд барысында Парламент Мәжілісі сайлауына 126 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді. Партия ішіндегі праймериз қорытындысы бойынша 77 адам, орталық партия квотасы бойынша 49 кандидат анықталды.

Жалпы республикалық ішкі партиялық сайлау форматында алғаш рет өткізілген Nur Otan праймеризіне 10 мыңнан астам азамат қатысты. Барлық деңгейдегі 216 мәслихатта Nur Otan-ның партиялық тізіміне 6253 адам енді.

Халық арасында кеңінен талқылаудың қорытындысы бойынша Nur Otan партиясының әр аудан, қала және өңір бойынша 216 сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Азаматтардың 20 мыңнан астам ұсынысы ескерілді.




Көрілген: 243    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.12.2020, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31