Ел жаңалықтары

"Аэродромға жете алмады": Алматы облысында мәжбүрлі түрде қонған ұшақтың командирі оқиға туралы

  • "Аэродромға жете алмады": Алматы облысында мәжбүрлі түрде қонған ұшақтың командирі оқиға туралы

Ан-2 ұшағының командирі Тахир Өтегенов неліктен авариялық қону туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ұшып, 50 метр биіктікке көтерілгенде, құлап жатқанымызды сездім және қозғалтқыш қуатын жоғалтып жатқанын байқадым - төмендеу үрдісі. Мен оны ұшу аэродромына қайтару үшін жайлап бұрдым. Бортта жолаушылар болғандықтан және  елді мекеннің үстінде болғандықтан, мүмкіндігінше қону аймағын таңдадым", - деді ол.

 
Бірақ ұшақ аэродромға жете алмады.

"Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері тірі және сау", - деді ол.

Еске сала кетейік, 26 ақпанда Боралдай-Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындаған "Азия Континенталь" әуе компаниясының АН-2 әуе кемесі Боралдай жолының шығысына қарай бір жарым шақырым жерге мәжбүрлі түрде қонды.

Бортта 5 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаны ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеп жатыр.




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 16:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30