Ел жаңалықтары

Аида Балаева Азаматтық Альянс президентімен кездесті

  • Аида Балаева Азаматтық Альянс президентімен кездесті

    Аида Балаева Азаматтық Альянс президентімен кездесті

15 мамырда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Асылбек Қожахметовпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның Азаматтық альянсы стратегиялық дамуының басым бағыттары, мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын жандандыру, азаматтық қоғамның даму болашағы, IX Қазақстан Азаматтық форумын ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында қоғамдық диалогты нығайтудың және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Осы жағдайда Азаматтық альянс пен оның құрамына кіретін ұйымдар бізге белсенді қолдау білдіреді деп сенеміз», - деп атап өтті Аида Балаева.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы қоғамдық диалог пен жүйелі коммуникацияны дамыту бойынша өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды.




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 18:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31