Ел жаңалықтары

Аида Балаева қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

  • http://www.dailynews.kz/

    http://www.dailynews.kz/

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мұсылмандар үшін қасиетті мерекенің бірі – Ораза айтпен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі – Ораза айт құтты болсын!

 

Адамзат баласын сабыр мен кешірімге, қанағат пен қайырымға шақырып, рухани жаңаруға үндейтін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Осы айда ораза ұстап, амал жасаған барша азаматтардың дұға-ниеттерінің қабыл болуын тілеймін.

Ораза айтта – әрбір мұсылман көмекке мұқтаж жандарға кеңінен қолдау көрсетіп, сауабы мол игі істер жасайды.

Өкінішке орай, биылғы Ораза айт да карантиндік шектеулер жағдайында келіп тұр. Қажетті сақтық шараларын сақтап, төзімділік танытсақ, келер жылдың Ораза айтын қалыпты жағдайда қарсы аламыз деп үміттенемін.

Өкпе-ренішті ұмытып, қате-кемшіліктерді кешіруге үндейтін Ораза айтында баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен бақ-береке тілеймін.

Халқымыздың бірлігі нығайып, рухани ынтымағы арта берсін. Айт мүбәрак болсын!», деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

 




Көрілген: 627    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 11:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30