Ел жаңалықтары

Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі «Қасым хан» фильмінің сценаристер қатарынан шығып қалды

  • Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі «Қасым хан» фильмінің сценаристер қатарынан шығып қалды

    Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі «Қасым хан» фильмінің сценаристер қатарынан шығып қалды

  • Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі «Қасым хан» фильмінің сценаристер қатарынан шығып қалды

    Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі «Қасым хан» фильмінің сценаристер қатарынан шығып қалды

Қасым хан туралы тарихи фильмнің сценариіне қатысты Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова пікір білдірді. Алматыға арнайы жұмыс сапарымен келген Ақтоты Райымқұлова Нәзира Бақаева («Қазақфильм» басшысы Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі) «Қасым хан» фильміне сценарий жазып жатқандар қатарында енді жоқ. Сондай-ақ тарихи кинотуындының сценариі әлі дайын емес екенін айтты.

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық ұлттық драма театрының 95 жылдығына орай өткен жиын барысында Мәдениет министрі БАҚ өкілдерімен кездестуінде Azattyq Rýhy тілшісінің «Ақан Сатаев түсіріп жатқан «Қасым хан» фильмінің сценаристеріне қандай баға бересіз? Қомақты қаржы бөлінетін тарихи киноның сценариін кім жазуы керек?» деген сауалына жауап берді. Министр Мемлекет басшысының мақаласынан кейін тарихи тақырыптағы фильмдерге басымдық берілетінін және осы бағытқа Қазақстанда барлық киноға қатысты қаржының 70 пайызы бөлінетінін айтты. Мемлекеттік тапсырыспен түсірілетін қалған фильмдерге тарихи жобалардан артылғаны жұмсалмақ. Сондай-ақ тарихи тұлға туралы киноның сценаристер тізімі қайта қаралып, «Қазақфильм» киностудиясы Асанәлі Әшімовті көркемдік кеңес жетекшісі ретінде таңдап алғанын жеткізді.

«Асанәлі ағамыз бүгінгі күнде «Қазақфильм» компаниясының (киностудиясының - авт.) көркемдік жетекшісі және Асанәлі ағамен күнара сөйлесіп отырамыз. Бүгінде «Қазақфильмде» бірнеше жоба бар, соның ішінде өзіңіз айтқан «Қасым хан» да бар. Ол баяғыда басталып кеткен. Дұрыс айтасыз, Метин Гюнай мырза жұмысты бастап кеткен. Бірақ, ол өз жоспары бойынша жобадан кетті. Және оған қатысты қоғамда «Неге біздің фильмді түрік азаматы түсіреді?» деген сыңайда түсінбеушілік болды. Сондықтан осы жұмыс тоқтатылып, бүгінгі күнде Ақан Сатаев кинорежиссер болып, бірнеше көркемдік және түсірілім тобымен жұмысты бастап кетті. Негізгі түсірілімдер әлі болған жоқ. Сценаридің соңғы нұсқасы біткен жоқ, Асанәлі аға бұл тұрғыда Ақан Сатаевпен үнемі байланыста», - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Оқи отырыңыз: Ақан Сатаев ажырасып кеткен әйеліне тарихи тұлға туралы фильм сценариін жаздырып жатыр

Айта кетейік, жақында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі Azattyq Rýhy агенттігінің сұрауына бұл тарихи туындының сценариін Ақан Сатаев, Тимур Жақсылықов және Нәзира Бақаева жазып жатыр деп жауап берген болатын. Киноның дайындық жұмысына 2020 жылы 511 млн теңге бөлінген. Министр Ақтоты Райымқұлова өте маңызды жобаның ішінде жоғарыда айтылған тұлғалардың бар екенін жоққа шығарған жоқ. Ал киностудия президенті А. Сатаевтың ажырасып кеткен бұрынғы зайыбы Нәзира Бақаеваның кейбір түсініспеушіліктерге байланысты бұл жобаға қатыспайтынын мәлімдеді.

«Сценаристер қатарында өзіңіз атаған адамдар да бар және тарихшылар да бар. Олар сізге ресми түрде ақпаратты дайындап береді. Ұлттық тарих институтының мамандары да бар. Өйткені, бұл бәрімізге ортақ жоба. Қасым хан кезіндегі тарихты көркемдік жағынан жоғары деңгейде көрсететін ауқымды жобалардың бірі. Сценарий көркемдік кеңестен өтеді және оған Асанәлі ағамыз да көзқарасын білдіреді деп ойлаймын. Ол (Нәзира Бақаева &ndash авт.) алынып тасталды. Бұрын ерлі-зайыпты Ыдырыс аға мен Зәмзәгүл апайымыз да жобаларға қатысатын. Бірақ, кейбір түсінбеушілік болғандықтан, ол кісі енді жобаға қатыспайды», - деді министр.




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 16:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31