Ел жаңалықтары

Әкем маған Қазақстанға оралуды өсиет етті: Ауғанстаннан елге келген қандастың ашық әңгімесі

  • Әкем маған Қазақстанға оралуды өсиет етті: Ауғанстаннан елге келген қандастың ашық әңгімесі

    Әкем маған Қазақстанға оралуды өсиет етті: Ауғанстаннан елге келген қандастың ашық әңгімесі

Ауғанстаннан Қазақстанға оралып, Ақмола облысына қоныс құрған Шерали Узбакидің отбасы ашық сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экпресс К" сайтына сілтеме жасап.

Облыста бірнеше қандастар отбасы тұрады: 10 адамнан тұратын бір отбасы облыс орталығы Көкшетау қаласында тұрса, қалғандары – Атбасар, Бурабай және Сандықтау аудандарына ат басын бұрған.

 "Барлық ересектер жұмыспен қамтылады. Балаларды мектеп пен балабақшаларға орналастырамыз. Әр отбасы мүшесіне 70 АЕК, яғни 204 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарлануда. Қаржылық қолдау жалдау ақысы мен коммуналдық төлемдерге бір жылға дейін берілетін болады”, – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Қамидолла.

Шерали Узбакидің жеті баласы бар және ол Көкшетаудағы жергілікті кәсіпорында жатақханадан орын алған. Болашақта ол сөмке шығаратын зауытта жұмыс істейтін болады.

Шерали Узбаки соңғы уақытта оның отбасына Ауғанстанда өмір сүру қиын болғандығын жасырмайды. Оның айтуынша, Ауғанстанда әлі тәліптердің қысымына ұшыраған туыстары қалған.

"Біздің әкелеріміз бізге әркез қазақ екенімізді айтатын. Менің әкем Ауғанстанға 90-шы жылдары келген. Жан тапсырар алдында ол маған Қазақстанға қайтуымыз керек екенін айтты және мен бұл сөздерді ешқашан ұмытқан емеспін. Біз Қазақстан жайлы өте көп естідік, енді міне туған жерімізге оралдық", – деді Шерали Узбаки.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстан Ауғанстаннан қандарды қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтқан болатын. 9 қыркүйекте 35 қандас Алматыға арнайы рейспен ұшып келді. 




Көрілген: 862    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 00:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31