Ел жаңалықтары

Әкім жастардың кәсіп ашуына 2 мың өтеусіз грант бөлмек

  • Әкім жастардың кәсіп ашуына 2 мың өтеусіз грант бөлмек

    Әкім жастардың кәсіп ашуына 2 мың өтеусіз грант бөлмек

Қарағанда облысының әкімі жастардың кәсіп ашуына 2 мың өтеусіз грант бөлгелі отыр. Бұл туралы Қарағандыда облыстық мәслихат депутаттарының өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысына байланысты өткен жиын барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында жастарға қатысты көтерілген мәселеге пікір білдірген Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бірқатар жағымды жаңалықтардан хабардар етті.

«Біз «2022 жылға дейін «жетім балалар» және «ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы жастарға 618 пәтер бөлуді жоспарлап отырмыз. Төрт студенттік жатақхана пайдалануға беріледі. Екі жыл ішінде кемінде 300 жас маман қызметтік баспана алады»,-деді әкім.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек өңірде облыстық және 18 аймақтық жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейтінін атап өтті. Мұнда мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріледі. Сонымен қатар психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл бағытта жол картасы да әзірленеді.

«Көктемде облыстық IT-хаб ашуды жоспарлап отырмыз. Ол 10 мың жас IT-мамандардан тұратын өңірлік команданы біріктіріп, құрылады»,-деді.

Осы ретте облыс әкімі балалар мен жастар қауіпсіздігі тақырыбын да көтеріп, депутаттарды тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге қатысты мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.

«Жалпы жастар мәселесінде проблемалар да жоқ емес. Оқуға аса ынтасы жоқ, жұмысқа аса бейілді емес жастар бар. Осылай кете беретін болса, болашақта олар халықтың проблемалық топтарына айналады. Сондықтан білім беруге, жаңа өндірістер құруға, компанияларға қажетті мамандарды оқыту мен қайта оқытуға барынша көп көңіл бөлу керек», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 08:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30