Ел жаңалықтары

Әкімдік: Нұр-Сұлтанда блок-бекеттерден заңсыз өтпек болғандар қатаң жазаланады

  • Әкімдік: Нұр-Сұлтанда блок-бекеттерден заңсыз өтпек болғандар қатаң жазаланады

    Әкімдік: Нұр-Сұлтанда блок-бекеттерден заңсыз өтпек болғандар қатаң жазаланады

Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы облыстар мен елді мекен тұрғындарына елордаға заңсыз кіру оқиғалары қатаң түрде жазаланатынын ескертті. Еліміздің бас қаласының әкімдігі карантин кезіндегі талаптарды күшейтіп тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елорда әкімдігі азаматтарды өз жолаушыларын Нұр-Сұлтан қаласына еш кедергісіз алып кіруді ұсынатын такси жүргізушілеріне сенім білдірмеуге шақырды.

Белгілі болғандай, 22 наурыздан бастап, елордаға жолаушылар тасымалының барлық түріне тыйым салынған. Оған қоса, жолдарға блок-бекеттер қойылып, қалаға кіру мен шығу мүмкін емес болды. Бұл шаралар Нұр-Сұлтанда жарияланған карантин режиміне байланысты іске асырылып жатыр.

Ққұқыққорғау органдары қалаға заңсыз кірмек болған азаматтарды қатаң жазаланатынын ескертті. Тәртіп бұзушылар ӘҚБК "Төтенше жағдайды бұзу" бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Қалаға кіріп-шығу мүмкіндігі елордаға азық-түлік пен аса қажетті заттарды алып кіретін көліктерге ғана берілген.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға үндеу жасап, карантин уақытысына талаптардың күшейтілгенін хабарлады.

Көлгінов елордалық әуежайға келген азаматтардың барлығы тиісті медициналық тексерістен өтетінін мәлімдеді. Олар қала аумағына тестен өткен жағдайда ғана жіберілетінін жеткізді. Сонымен қатар, олар үй карантиніне жатуға міндетті болмақ.

Елордада дезинфекция бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бұл қатаң талаптардың барлығы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қабылданып жатыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, жаңа ережелер енгізілгелі медицина қызметкерлері елордалық әуежайда оншақты рейс қабылдап, 900-ден аса адамды коронавирус тестінен өткізді.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 60-қа жеткен болатын.




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30