Ақмола және Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

18 қараша 2020, 18:07

Ақмола мен Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

 

19 қарашада Ақмола облысында кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

 

19 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

 

Ертең Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.