Ел жаңалықтары

Ақмола облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

  • Ақмола облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

    Ақмола облысында карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның «Ақмола облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы» жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде өткізуге тыйым салынды. Сонымен бірге, ойын-сауық мекемелері (түнгі, ойын клубтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, аттракцион мен батут және тағы басқалар), букмекер кеңселері және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық, кальян орындары (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге, көрмелер өткізуге, (ашық ауада) марафон өткізуге тыйым салынды. Бұдан бөлек, «Ashyq» жобасына қатысатын банкет залдарында 50 адамнан асырмай толтырып, ас беруді қоспағанда, ас беруге тыйым салынды.

Ал, 25 адамнан артық емес мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне, ашық ауадағы аттракцион қызметіне де рұқсат берілді. Залдардың толтырылуы 15 пайызға дейін көрермендердің қатысуымен спорт іс-шараларын өткізуге, толтырылуы 75 пайызға дейін, бірақ 15 адамнан асырмай, жүйелі жүрмейтін облысаралық (туристік тасымал) қозғалысына, толтырылуы 75 пайызға дейін, бірақ 15 адамнан асырмай, жүйелі жүрмейтін қалалық (туристік тасымал) қозғалысына, қала маңындағы жолаушылар поездары/электр пойыздарының, жалпы вагонсыз жолаушылар поездарының қозғалысына, толтырылуы 50 пайызға дейін балалар сауықтыру ұйымдары қызметіне рұқсат берілді.

«Сонымен бірге, 30 адамға дейін мәдениет объектілер (репетиция) қызметіне, толтырылуы 20 пайызға дейін кинотеатр, театр, концерт залдары, филармония қызметтеріне рұқсат берілді. Ал, мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды, оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын, ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады», - делінген қауылда.

Сондай-ақ, гүлдер дүкені, фотосалон, кітапхана, мұражай қызметіне, келушілер санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге 4 шаршы метрден сағат 23-ге дейін жұмыс режимімен сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сауда орталықтары қызметіне рұқсат беріліп отыр. Көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат берілсін.

«Жалпы білім беру мектептері жұмысына қойылатын талаптар сақталған жағдайда сыныпта 15 адамнан артық емес жазғы мектептер қызметіне, колледж бен жоғары оқу орындары I курс студенттері үшін практикалық сабақтар өткізуге, арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қызметіне, бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан артық емес жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парк, қорық, резерват және т.б.) баруға рұқсат беріледі», деп көрсетілген жаңа қаулыда.

Қаулы 2021 жылғы 12 маусымда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 01:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31