Ел жаңалықтары

Ақмола облысында "Қазақша сөйлейік" клубы ашылды

  • Ақмола облысында

    Ақмола облысында "Қазақша сөйлейік" клубы ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Целиноград ауданының Ақмол ауылында "Қазақша сөйлейік" клубы ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ауданның ішкі саясат бөлімінің айтуынша, клубқа барлық ниет білдірушілер келіп, өздерінің мемлекеттік тілді үйрену машықтарын дамыта алады. Аталмыш клуб мүшелері қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, сауатты жаза білуді мақсат етеді. 

 
Сабақтар күн сайын әңгіме мен қарым-қатынаста қолданылатын сөйлемдерді түрлендіруге арналған арнайы әдістеме бойынша өткізіледі. Сабақтарда оқытудың ойын формалары белсенді қолданылады.

Президент "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, тіпті міндеті деп те айтуға болатынын жеткізді. Осылайша барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу тастаған болатын. 

"Бүгінде елімізде мемлекеттік тілді үйренемін деушілерге барлық жағдай жасалған. Осы жұмысты жалғастыра отырып, еліміздің мерейтойы қарсаңында ауданымызда қазақ тілін оқыту клубы ашылды. Бұл клубқа әсіресе, өзге этнос өкілдерінің қызығушылығы басым", - деді ауданның ішкі саясат бөлімінде.
Клуб мүшелері аптасына бір рет бір сағаттан кездесіп отырады. Олардың тіл білу деңгейі мен жас ерекшелігі маңызды емес. 

Тегін ұйымдастырылған клуб сабақтарын аудандағы "Тілдерді оқыту орталығының" тәжірибелі, білікті мамандары өткізеді. 




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 12:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30