Ел жаңалықтары

Ақмола облысында өрттен бір үйдің 3 баласы ажал құшты

  • Ақмола облысында өрттен бір үйдің 3 баласы ажал құшты

    Ақмола облысында өрттен бір үйдің 3 баласы ажал құшты

Бүгін Атбасар ауданының Хрущевка селосында жер үйден өрт шығып, үш бірдей бала ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңғы 5.19-да өрт шыққаны туралы Атбасар аудандық өрт сөндіру бөліміне хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше, қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпып үлгерген.

«40 және 41 жастағы ата-ана мен олардың 16 және 8 жастағы балалары үйдің терезесін бұзып шығып үлгерген.  Өрт сөндіру кезінде үйдің төбесі құлап түскен. Таңғы сағат 6.40-та өрт ауыздықталып, 8.25 болғанда толықтай сөндірілді. Өкінішке қарай,  15, 13 және 12 жастағы балаларды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер олардың тек мүрделерін алып шықты», - деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Өртті сөндіруге барлығы 12 жеке құрамның сарбаздары мен 2 өрт сөндіру техникасы, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының 3 техникасы және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылған. Қазір оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Өрттың шығу себептері анықталып жатыр. Көкшетау қаласына өрт зертханасына сынамалар жіберілді.

 

 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 12:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30