Ел жаңалықтары

Ақмола облысында полицей өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды

  • Ақмола облысында полицей өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды

    Ақмола облысында полицей өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды

Ақмола облысында учаскелік полиция инспекторы өзіне қол салмақ болған 14 жастағы жасөспірім қызды құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 8 сәуірде Жақсы ауданының Перекатное ауылында орын алған. 

"Жақсы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Перекатное ауылының 28 жастағы тұрғыны телефон арқылы хабарласып, өзінің 32 жастағы әпкесі кәмелетке толмаған қызын ұрып жатқанын айтты", - деді полиция.

Куәгерлердің айтуынша, үйде жанжал шығарған әйел қызын мойнынан қысып тұншықтырған. Сонымен бірге оны және кіші інісі мен сіңілісін балалар үйіне беретінін айтып қорқытқан.

"Айтылған мекенжайға дереу жеткен учаскелік инспектор үш баланың анасын өз үйінде мас күйінде тапты. Осы кезде әйелдің 11 жасар қызы үйге жүгіріп келіп, учаскелік полиция инспекторына 14 жастағы үлкен әпкесі қораның ішінде асылып қалғанын айтты. Учаскелік полиция инспекторы Данияр Нұрғамиде дереу қорада асылып тұрған жасөспірімді босатып алды. Есінен танып қалған қызды жедел жәрдем қызметі алып кетті. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаменті. 




Көрілген: 281    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 16:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31