Ел жаңалықтары

Ақмола облысында соңғы бес жылда төрт балалар үйі жабылды

  • Ақмола облысында соңғы бес жылда төрт балалар үйі жабылды

    Ақмола облысында соңғы бес жылда төрт балалар үйі жабылды

Ақмола облысында соңғы бес жылда төрт балалар үйі жабылды. Облыста қалған тағы осындай 4 мекемеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200-ге жуық бала тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Балалар үйінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басқан жасөспірімдер үшін ең басты проблемалардың бірі – баспаналы болу. Өкінішке қарай, сандар көңіл көншітпейді. Соңғы бес жылдың ішінде небәрі 300 балаға пәтер берілген. Ал кезекте әлі осы санаттағы 4 мыңнан астам адам тұр.

«Мұның барлығы үйдің салынуына байланысты. Баспаналар пайдалануға көбірек берілсе, жетімдерге де көп үлестіріледі. Заң бойынша әр тапсырылған үйдің 20% ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға берілуі тиіс», - деді облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары. 

Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде бала асырап алу көрсеткіші жақсарып келеді. Қазірдің өзінде Ақмола облысында 28 адам отбасыларының жаңа мүшелерін қабылдауға дайындалып жүр. Ойға алған істері жүзеге асып жатса, мемлекет те оларды қолдау мақсатында 200 мың теңгеге жуық бір реттік төлемақы, ата-аналардың әрқайсысына 50 мың теңгеден еңбекақы және әр балаға ай сайын 26 мың теңгеден жәрдемақы төлейді.




Көрілген: 254    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.09.2020, 23:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31