Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақмола облысындағы ауылда бруцеллез ауруының өршуіне байланысты карантин енгізілді

03 тамыз 2022, 17:47

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде бруцеллез ауруының өршуіне байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ақмола облысы Астрахан ауданы Николаев ауылдық округі Петровка ауылында ұсақ малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", –  делінген жергілікті әкімдіктің хабарламасында. Құжат күшіне енді.

Бруцеллез – жануарлардан адамға берілетін, адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын зоонозды инфекция.