Ақмола облысының дәрігерлері 570 грамдық шақалақтың өмірін аман сақтап қалды

25 мамыр 2022, 12:47

Дәрігерлерлердің кәсіби шеберлігі мен күтімінің арқасында нәрестенің салмағы 2200 грамға жетіп, 16 мамыр күні үйіне шығарылды.

Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі, перинаталдық орталықтың патология бөлімшесінде салмағы төмен сәбилерді күту және түрлі аурулардан сақтау шаралары жүргізіледі деп хабарлады.

«Биыл 17 ақпанда аурухананың перинаталды орталығында салмағы 570 грамм сәби дүниеге келді. Жағдайдың ауырлығын және гестация мерзімін ескере отырып, 4 сәуірде нәресте одан әрі емдеу үшін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлерлердің кәсіби шеберлігі мен күтімінің арқасында нәрестенің салмағы 2200 грамға жетіп, 16 мамыр күні үйіне шығарылды», – делінген хабарламада.

Перинаталды орталықта жаңа туған сәби 90 күн шамасында болған.