Ақмола облысының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген

13 қазан 2021, 01:11

Ақмола облысы Аршалы кентінің тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберген, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 
Олардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 12-ші қазанында сағат 13:52 шамасында Аршалы аудандық полиция бөлімі кезекшілік бөлімшесіне Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғынынан көршісінің үй ауласында ес-түзсіз жатқандығы туралы телефон хабары түскен.

"Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында Аршалы кентінің 49 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені анықталды. Өлім туралы жазба табылған жоқ. Ер адам Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерінің бірінде емделіп жатқан әкесімен бірге тұрған. Осы оқиғаға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды", – деді ведомстводан.