Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақмолада 200-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығынан айырылды

05 сәуір 2022, 00:35

Ақмолада 200-ден астам шетелдік Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жылдың басынан бастап Ақмола облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы 220 шетелдіктің ҚР азаматтығынан айырылғанын тіркеді.

 

Мысалы, сәуір айында облыс аумағында қос азаматтығы бар азаматша анықталды. 54 жастағы құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды.

 

ҚР Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және “Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы” ҚР Заңының 3-бабына сәйкес республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды.

 

Егер қазақстандық басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды.

 

Азаматтық саласындағы заңнаманы бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабында көзделген екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа не Қазақстанның шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

 

Қазақстан азаматтығын жоғалтқан адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін пайдаланғаны үшін жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.