Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақорда сайтында Тоқаевтың ажырасқаны жайлы ақпарат жарияланды

29 наурыз 2019, 13:27

Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасының уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны жарияланды. Онда президент ажырасқаны және Тимур есімді бір ұлы бар екені жазылған.

Мәтінде президенттің Алматы қаласында дүниеге келгенінен бастап, ата-анасы жайлы ақпараттар да бар.

«Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы. Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған. Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады. Ажырасқан. Ұлы – Тимур Қасым-Жомартұлы Тоқаев», - деп жазылған өмірбаянның соңғы азат жолдарында.

Айта кетейік, бұған дейінгі ашық дереккөздерде Тоқаевтың әйелі 1957 жылғы Надежда Давыдовна Тоқаева екені көрсетілетін.