Ақпан айында ауа райы қандай болады?

01 ақпан 2022, 09:10

Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп болжануда, бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты болады. 
 
Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.

Ақпан айында жауын–шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысаумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп болжанады.

Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклоны Қазақстанның басым бөлігінде аязды және жауын-шашын аз болады, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, тұман және көктайғақ болады. 

Содан кейін циклонның солтүстік-шығыс бағытта ауысуымен республиканың қалған аумағында да жауын-шашынды және желді ауа райы болжанада.

Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында еліміздің оңтүстігі мен батысында күндіз ауа температурасы жоғарылайды.

Бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -10-20°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -5-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін аяздың әлсіреуі болжанады.

Онкүндіктің соңында республиканың шығысында температура фоны түнде -18-23°С-тан -12-17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -28-33°С-тан         -20°С-қа дейін, күндіз -10-15°С-тан -5-10°С-қа дейін жоғарылайды.

Екінші және үшінші онкүндіктерде ауыспалы барикалық түзілімдермен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында бұрқасынмен, оңтүстігінде жекелеген күндері шаңды дауыл күтіледі.

Жекелеген күндері Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның әсерінен температуралық фон төмендейді деп күтіледі:

- батыста және солтүстік-батыста түнде -12-22°С-қа дейін, күндіз  -3-10°С-қа дейін;

- солтүстік жартысында түнде -20-35°С-қа дейін, күндіз -13-18°С-қа дейін;

- оңтүстік жартысында түнде -8-15°С-қа дейін, күндіз -5+3°С-қа дейін.

Жекелеген күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты температуралық фон жоғарылайды деп болжанады:

- батыста түнде -5+1°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-қа дейін; 

- солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде  -3-15°С-қа дейін, күндіз -6+3°С-қа дейін;

- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+12°С дейін.

BAQ.KZ