Ел жаңалықтары

АҚШ мемхатшысын Қазақстанның коронавирусқа қарсы жылдам әрекеті таң қалдырды

  • АҚШ мемхатшысын Қазақстанның коронавирусқа қарсы жылдам әрекеті таң қалдырды

    АҚШ мемхатшысын Қазақстанның коронавирусқа қарсы жылдам әрекеті таң қалдырды

АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстанға ресми сапары барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Олардың ішінде қауіпті коронавирус та бар. Саясаткердің айтуынша, біздің елдің билігі аталған мәселені шешу үшін тез әрекет еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

гссек

Майк Помпео. Фото: Laszlo Balogh/Getty images

Sputnik Қазақстанның жазуынша, америкалық саясаткер Қазақстан өз азаматтарын коронавирустан сақтау үшін вирустың таралауын болдырмайтын қажетті шараларды жылдам қабылдаған.

Қазіргі уақытта республикада қауіпті вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 46 адам ауруханаға жатқызылған. Барлық науқастар тексеруден өтіп, дәрігерлердің бақылауында жатыр.

Саясаткердің айтуынша, ҚХР аумағындағы жағдайға тек біздің ғана ел алаңдаулы емес.

Сондай-ақ америкалық мемлекеттік хатшының хабарлауынша, республикада қазіргі уақытта Америкалық аурудың алдын алу және бақылау орталығының мамандары жұмыс істеуде. Олардың жұмысы ел тұрғындары арасында вирус жұқтырудың ықтимал жағдайларын бақылауға бағытталған.

Америкалық тарап сонымен қатар қазақстандық дәрігерлерді өз жұмысында қолданылатын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз еткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшыс Майк Помпеоның Қазақстанның астанасына ресми сапармен келгені хабарланды.

Америкалық федералды үкіметтің өкілі Қазақстан басшылығымен екі ел арасындағы және жеке өңірдегі серіктестіктің келешегі жөнінде талқылайтыны белгілі болған.




Көрілген: 251    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.02.2020, 18:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30