АҚШ-тың Қаржы министрлігі АҚШ банктерінде Ресейдің тәуелсіз қарызына қатысты доллар бойынша төлем жасауға тыйым салады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме беріп.
Ресейдің 24 ақпанда Украинаға басып кіруінен кейін салынған санкциялар Ресей орталық банкінің АҚШ қаржы институттарындағы валюталық резервтерін “қатырып қойды”.
Агенттіктің хабарлауынша, АҚШ Ресей үкіметіне америкалық банктердегі 600 миллион доллардан астам резервтерін төлеуді тоқтатты. Бұл шешім арқылы Америка Мәскеуге қысымды күшейтіп, оның АҚШ долларындағы қорын азайтуы керек. Бұл тыйым 4 сәуірде күшіне енгені көрсетілген.
"Бүгін Ресейдің қарызы бойынша тағы бір төлем жасаудың соңғы мерзімі. Ресей өзінде қалған құнды доллар қоры таусылғанын не жаңадан түсетін қаражатты күтеді немесе банкроттыққа ұшырайды", – делінген АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде.
Басылым мәліметінше, егер Ресей алдын ала белгіленген мерзімде алдағы облигациялар бойынша төлемдердің кез келгенін орындамаса немесе доллар, еуро немесе басқа валюта көрсетілген кезде рубльмен төлем жасаса, бұл олардың құрдымға ұшырағанын білдіреді.
Ресей Батыстың санкцияларына байланысты халықаралық қарыз нарықтарына шыға алмаса да, банкроттық кредиторлар алдындағы қарызды толық өтегенге дейін және оған байланысты кез келген сот істері шешілгенше бұл нарыққа шығуға кедергі болады.
Ресейде төлем жасау үшін 30 күн бар.
Еске салсақ, 24 ақпанда Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін салынған санкцияға сәйкес, Ресей орталық банкінің АҚШ қаржы институттарының қолындағы валюталық резервтері бұғатталған болатын. Дегенмен Қаржы министрлігі Ресей үкіметіне бұл қаражатты долларлық тәуелсіз қарыз бойынша купондық төлемдер үшін пайдалануға рұқсат берді.