Ел жаңалықтары

АҚШ санкциялары Вашингтонға қалай әсер етіп жатыр

  • АҚШ санкциялары Вашингтонға қалай әсер етіп жатыр

    АҚШ санкциялары Вашингтонға қалай әсер етіп жатыр

Батыста антиресейлік санкциялар ісі өз ретімен жүріп жатыр: біреулері шектеулер ойлап тапса, екіншілері сол санкциялардың өзіне тигізетін залалын мейлінша азайтуға тырысуда, деп жазды РИА Новости.

Вашингтон қазіргі уақытта "Солтүстік ағын – 2" газ құбырының тағдыры талқыға түсетін келіссөздерге жіберетін арнайы елшісін анықтаумен әлек. Politico басылымының мәліметі бойынша, Американың әділет министрлігі құрылысы жүріп жатқан газ құбырына қатысты кезекті санкциялардың екі пакетін әзірлеп қойған. Жаңа қара тізімде газ құбырының құрылысы мен оны іске қосуға жауапты Nord Stream 2 AG швейцариялық компания мен оның басшысы Матиас Варинг бар.

Шектеу жобасы мамыр айында бекіту үшін конгреске жіберіледі деп күтілуде. Бірақ бұл нақты емес. Себебі құбырға қарсы жаңа шаралар туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Ол келіссөздердің қалай өрбитініне тікелей байланысты болатыны анық. Дәл осы үшін қазір Ақ үй елші іздеп жатыр. Алайда бұл келіссөздер Ресеймен емес, Еуропамен жүргізілетін болады. 

Байден әкімшілігінің басты проблемасы да осында болып тұр. Өйткені оған конгресте қос партияның өкілдері қысым көрсетіп, қалай болғанда да "Солтүстік ағын – 2" құрылысын тоқтатуды талап етіп отыр. Берлин жобаны қызғыштай қорып отыр. Ал демократтардың Еуропамен Трамп күл-талқанын шығарған қарым-қатынасты қалпына келтіру туралы бастамасы Ақ үйдің қандай да бір қатаң әрекеттерге баруына тосқауыл болуда.Нәтижесінде Вашингтон келіссөздер кезінде өзі үшін стратегиялық саналатын жобаны қорғап отырған Батыс Еуропаны райынан қайтарамын деп үміттеніп отыр. Осы уақытта журналистер газ құбырының құрылысы 96 процентке аяқталғанын жазды.

Әйтсе де тоқтаусыз жалғасып жатқан санкциялар мәселесі бар. Politico инсайдымен қатар Bloomberg те сайлауға араласқаны және хакерлік шабуылдарға қатысы бар болғаны үшін Ресейге қатысты жаңа жазалау шаралары дайындалып жатқанын хабарлады. Бұл жолы Ресей президенті Владимир Путинге жақын адамдарды қара тізімге енгізуден бөлек дипломаттарға қатысты шешім шығатын секілді. Алайда оның Вашингтон үшін жағымсыз әсері болмай қоймайды. Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов жақында атап өткендей, АҚШ ресейлік дипломаттарға қарсы виза соғысын жариялап, соның салдарынан қос миссияда да қызметкерлер санына байланысты қиындықтар туындап жатыр. Әсіресе техникалық қызметкерлер жеткіліксіз. Осыған байланысты елшілікте қызмет атқаратын америкалықтар қар күреу, дезинфекция ерітінділерін әзірлеу секілді жұмыстармен айналысып жатқандарына шағымданып үлгерген. Нәтижесінде "техникалық" себептерге байланысты Владивосток пен Екатеринбургтегі екі консулдықтың жұмысы тоқтады.

Вашингтонда бюрократиялық процесс өз кезегімен жүріп жатқан шақта батыс бизнесі шыр көбелек айналуда. Дәл қазір Zoom Сцилла мен Харибданың ортасынан өтіп кетуге тырысып жатыр. Видеоконференция қызметін ұсынатын және пандемия кезінде табысқа кенелген бұл компания Ресей мен ТМД мемлекеттік компаниялары мен мемлекеттік мекемелеріне сервиске қолжетімділікті сатуға тыйым салды. Бірақ бірнеше сағат өткеннен кейін-ақ Zoom "нарыққа қайта шығуға әрекеттер жасап жатқаны" туралы мәлімдеді. Компания өкілі бұған дейін платформада тіркеліп қойған пайдаланушылар өз сайттары арқылы тікелей аккаунттарын қайта сұрата алатынын айтты.

Компанияның мазасыздануын түсінуге болады. Өткен жылы ауқымды табыс алып келген клиенттерінің басым бөлігі ресейлік мекемелермен тығыз байланысты ұйымдар, жоғары оқу орындары болатын. Енді олар жаппай ұқсас платформаларға ауысып жатыр. Ал ресейлік мемлекеттік мекемелер о баста бұл сервисті пайдаланбаған болатын. Сондықтан Zoom өз қолын өз шауып тастағандай болды. Оның ірі коммерциялық клиенттері бәсекелестеріне кетіп жатыр. Ал Ресейге еш зиян келген жоқ. Есесіне РФ отандық ІТ-әзірлемелерді қолдануға басымдық беретін болды. Соңғы жылдары санкция тақырыбының жиілегені соншалық оның "қызығы" да қалмады. Ол Ресейдің ішінде де, халықаралық қатынаста да қалыпты құбылысқа айналды. 

Жалпы жаһандық бірполярлы әлемде санкциялар қолданыстағы жүйені нығайту құралы болып келді. Санкция жағдайында тіршілік ету мүмкін болғанымен, ол адамдардың өмір сүру сапасына, ұлттық экономикаға, технологиялық жетістіктерге кері әсер етті. Ол кезде санкциялар белгілі бір елді заманауи дамыған өркениеттен шеттетуді және әр қадамында кедергі туындатуды білдірді. Жеті жыл бұрын Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың да көздегені осы болатын. Бірақ келе-келе бұл процесс жеке мүддені көздейтін құрал болып қалды. Тағы біршама уақыттан кейін санкциялар өз "иелеріне" зиян келтіре бастады.

sputnik.kz




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 23:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31