АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ тиіп мерт болды

21 ақпан 2022, 16:27

АҚШ-та Қазақстан азаматы оқ жарақатынан мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады. 
«Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», - делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, полиция осы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды.

«ҚР консулы марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста», - деп нақтылады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.