Ел жаңалықтары

"Ақшам жоғалып кетті": Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар орын алды

  • "Ақшам жоғалып кетті": Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар орын алды

Kaspi банкте техникалық ақаулар орын алды. Қолданушылардың бірі қаражатымыз жоғалып кетті деп шошып жатса, енді бірі байлыққа кенелген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Банктың ресми өкілі Ербол Азанбек ақшалар орнында екенін айтып, қатты уайымға салынбауға шақыруда. Банк проблемаларды шешуге уәде берді.

 
"Клиенттердің есепшотындағы ақшасы сейфте сақталған. 28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар орын алды. Апат салдарынан бағдарлама клиенттердің шоттарындағы қаражатты дұрыс көрсетпейді. Өкінішке орай, карточкалық төлемдер, банкоматтардағы ақшаны алу және толтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қол жетімсіз. Компания бәрін мүмкіндігінше тез түзетуге тырысып жатыр", - дейді Ербол Азанбек.

Банк уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.


Ең танымал қазақстандық банктің мобильді қосымшасында қазақ тіліндегі нұсқасының болмауы жұрттың ашуына тиді

Қазақстандықтарға бағалы заттарды банк ұяшығында сақтау ұсынылады: Ұяшық не үшін керек және оның құны қандай

Kaspi.kz қосымшасы Kaspi Gold-тағы теңгерімдегі ақпаратқа қатысы жоқ. 

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екені туралы жалған хабарламалар тарап жатыр. Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі", - деп толықтырды банк.

Еске салсақ, осыған дейін желіде Нұр-Сұлтан қаласында таңғы 6: 53-те Kaspi.kz банкіне кибершабуыл жасалды деген ақпарат тараған. Нәтижесінде 78.937.374тг ұрланды делінген хабарламада. Алайда ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.




Көрілген: 1723    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31