Ақтау әуежайы рейстерді кейінге шегереді

28 сәуір 2022, 18:41

Ақтау әуежайының ұшу-қону алаңына жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы  Egemen.kz тілшісі «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасапжазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

«3 мамырдан 5 шілдеге дейінгі кезеңде дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына жабу жоспарланып отыр. Бұл күндердегі рейстер таңғы және кешкі сағаттарға ауыстырылады», делінген хабарламада.