Ақтау және Құрық порттары штаттық режимде жұмыс істеп тұр – министрлік

05 наурыз 2022, 15:04

Еліміздің порттары 5,5 млн тонна мұнайды өңдей алады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жедел деректері бойынша қазіргі уақытта Ақтау және Құрық порттары штаттық режімде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Жүктердің кідіріп қалу оқиғалары болған жоқ. Қазақстандық жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушыларды қолдау мақсатында Баку, Махачкала, Амирабад, Анзали сияқты серіктес порттармен тығыз байланыс орнатылды», - делінген ведомство хабарламасында.
Еліміздің порттары 10 млн тоннаға дейін қосымша жүкті, оның ішінде 5,5 млн тонна мұнайды өңдей алады.