Ел жаңалықтары

Ақтауда аяқсыз қалған құрылыс нысаны қоғамдық әжетханаға айналған

  • Ақтауда аяқсыз қалған құрылыс нысаны қоғамдық әжетханаға айналған

    Ақтауда аяқсыз қалған құрылыс нысаны қоғамдық әжетханаға айналған

Ақтау қаласы 15 шағынаудан тұрғындары құрылысы аяқталмаған ғимараттың бүгінде жасөспірімдердің ойын-сауық алаңына, қоғамдық дәретханаға айналғанына шағымданып, қалалық әкімдікке жүгінді. Дегенмен, Ақтау әкімдігі әзірге бұл жағдайға ықпал ете алмайтынын айтқан. Бұл туралы lada.kz хабарлайды. 

 
Осыдан бірнеше жыл бұрын салынып басталған ғимарат құрылысы аяқсыз қалып, бүгінде жастардың көңіл көтеретін алаңына айналған.

«Ғимарат құрылысының қараусыз қалғаны еш түсініксіз. Әйнектері сынған. Жылы уақытта бұл жерге балалар келіп ойнайды. Бұл жер қауіпті емес пе? Айналасында арматуралар шығып тұр. Сондай-ақ, бұл жерге ерінбегеннің бәрі келіп әжетін өтейді, тіпті автобус жүргізушілері де», - деп шағымданды тұрғындардың бір.

Ал, қала әкімдігіндегілер бұл ғимарат пен жердің жекенің меншігінде екенін айтып, оған әзір араласа алмайтынын жеткізген.

«Жер мен ғимарат «Батша-Қуан» ЖШС-ға тиесілі. Мұнда Азқабатты тұрғын үйлер - таунхаустар салынуы керек еді. Біз құрылыстың не себепті тоқтатылғанын білмейміз. Бір білуімізше, бұл ғимаратты сот органдары тәркілеген, сондықтан қазір әкімдік араласа алмайды», - делінген әкімдік жауабында.
Ашық ақпарат көздерінде ЖШС басшысының («Батша-Қуан» - ред.) құны шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайтын мұнай өнімдерін ұрлауға қатысты қылмыстық іске қатысы бары айтылған.




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 16:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Сәуір, 00:29
    Алматыда сел жүрді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30