Ақтауда жас жігіт суицид жасады

05 мамыр 2023, 19:29

Ақтауда жас жігіт суицид жасады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның кезекші бөліміне таңғы сағат 7:20-да хабарлама түскен.

"102 кезекшінің пультіне 4-шағын ауданда жас жігіттің биіктен құлағаны туралы қоңырау түсті. Жедел тергеу тобы шақыруға шықты. Жағдайды анықтау барысында жас жігіт 6-қабаттан құлағаны белгілі болды", - дейді ПД баспасөз қызметі.

Бұл факт ҚР ҚК 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша полицияда тіркелді. Тергеу басталды.