Ел жаңалықтары

Ақтауда жол ортасында жаппай төбелескен жастар ұсталды (ВИДЕО)

  • Ақтауда жол ортасында жаппай төбелескен жастар ұсталды (ВИДЕО)

    Ақтауда жол ортасында жаппай төбелескен жастар ұсталды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерге Ақтау қаласындағы жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Бұл жайт көшеде, көлік жолының қақ ортасында болған. Жергілікті Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видео: youtu.be/JsEYb86XtdQ

Видеодан бір топ жас жігіттің 29-шағынауданда жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанын көруге болады. Оған қоса, олардың бір-біріне айқайлап, өзара ұрысқаны естіледі.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 25 мамырда түнгі 12-де болған. Төбелеске қатысқандар – 19-22 жас аралығындағы жігіттер. Тәртіп сақшылары олардың барлығын ұстап, полиция басқармасына жеткізді.

Ұсталғандардың бәріне «шағын бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Жас жігіттер 1998, 1999 және 2000 жылдары туған. Потрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолдың арғы бетіне шығып, қашып құтылмақ болған оларды көп ұзатпай ұстап алды. Бұзақылар Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, олардың үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабы бойынша хаттама толтырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

 




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 07:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30