Ел жаңалықтары

Ақтауда көп балалы аналар әкімдіктің алдында шу шығарды

  • Ақтауда көп балалы аналар әкімдіктің алдында шу шығарды

    Ақтауда көп балалы аналар әкімдіктің алдында шу шығарды

Ақтауда оқу жылы қарсаңында үкіметтен берілетін қаражатты ала алмай жүрген көп балалы аналар облыстық әкімдікке келді. Өйткені балаларды мектепке дайындау үшін берілетін ақша қыркүйектің ортасы болса да аналарға әлі жетпеген. Құжаттарды мектеп қабылдайтын болған соң қателік білім ордасынан кетті дейді білім бөлімінің басшысы. Бұл туралы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.

Әр баланы мектепке жинау үшін берілетін 25 мың теңгені талап еткен аналар облыстық әкімдіктен жауаптыларды іздеп барды. Өйткені мектеп басшылығы да, әлеуметтік педагог те қаражат қандай жолмен тағайындалатынын дұрыс түсіндірмеді дейді. Аналар "қыркүйектің жартысы өтті, әлі күнге дейін балалардың не киімі жоқ, не оқу құралы жоқ" деп ашулы. 

 
“Басқа мектептер алып жатыр, бізге де берілсін сол ақша. Балаларымызды киіндірейік. Кітап, зат бәрі қымбат қазір. Даярлық тобында оқитын балаларымыздың өзіне қарайған ақшамыз кетті. Барлық зат қымбат, қымбат. Киіндіре алмай жатырмыз”, – дейді көп балалы ана Ақбөпе Бойдақова. 

“Бізді аз қамтылған отбасы деп мектеп айтты. Мектептен бізге 25 мыңға құжат тапсыр деп қабылдап алып, енді оны қоқысқа лақтырып тастады. Сіздің құжаттарыңыз өтпей жатыр дейді”, – дейді Сәуле есімді көп балалы ана

Әкімдік алдында шу шығарған аналарға қала әкімінің орынбасары шықты. Бірақ бұл мәселеден хабарсыз болып шықты. Ал білім бөлімінің басшысы бұл жағдайда құжаттарды дұрыс қабылдамаған мектептің кінәсі деп ашық айтты. Яғни, көпбалалы, аз қамтылған отбасы әуелі жұмыспен қамту орталығынан өзінің санатын дәлелдейтін анықтама алып мектепке тапсыру керек. Сонан кейін әр балаға берілетін 25 мың теңгені алу жөнінде мектепке арыз жазу керек деп түсіндірді.

“Бүгінгі таңда барлық білім беру ұйымдарында осы санатқа жататын аналарға толықтай қаражат бөлініп тұр. Тек осы ата-аналар өзінің санатын анықтап берген жағдайда ақша бірден аударылады”, – дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Тоты Күлметенова. 

Бір топ ана бұл жиырма бес мың теңгені көп баласы бар отбасының бәріне беру керек дейді. Ал білім бөлімінің басшысы қазан айының соңына дейін мәселе шешіліп, ақша толық беріледі деп сендірді. 




Көрілген: 716    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 08:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31