Ел жаңалықтары

Ақтауда күшіктерді ит төбелесіне дайындап жатқаны түсірілген видео жұртты шошытты

  • Ақтауда күшіктерді ит төбелесіне дайындап жатқаны түсірілген видео жұртты шошытты

    Ақтауда күшіктерді ит төбелесіне дайындап жатқаны түсірілген видео жұртты шошытты

Ақтауда күшіктерді ит төбелесіне дайындап жатқаны түсірілген видео желіні шулатты. Зооқорғаушылар болса бұған алаңдап, барлық қатысқандарды анықтап, жазалауды талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Даулы видео Жаңаөзенде түсірілген деген болжам бар. Онда үш күшікті бір-біріне қарсы таластырып, содан кейін олардың біреуін ересек иттің талауына қояды. Терісі алынған күшікті кейін қайтадан күшіктердің қоршауына лақтырылады. 

 

Жануарларды таластырған ұйымдастырушының үстінен полицияға арыз жазды. Белсенділер Жаңаөзен қаласының тұрғыны стаффордтар мен питбульдерді иттермен күресу үшін арнайы сатып алатынын анықтады. Зооқорғаушылардың айтуынша, аймақта мұндай жарыстар үнемі өткізіліп тұрады.  Көліктер мен мыңдаған долларлар сыйлық ретінде тігіледі. Полиция тергеуді бастады.

"Осы жарыстарға қатысқаны үшін адамдар жарна төлейді. Бұл жарыстарға негізінен үлкен иттер қатысады. Бұл иттер, әдетте, стаффорд және питбуль түрлері, олар осыған үйретілген. Бізге алабайды әкелді, бұл алабайдың шайқастарға қатысқанын нақты білеміз, яғни біз оның басының жартысы жарақаттанғанын байқадық. Бізге иттің иесі оны жеңілгені үшін күрекпен өлтіруге тырысқанын айтты", - деді "Шанс" қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Бахтеева.

 
 

 




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31