Ел жаңалықтары

Ақтауда қызметтік көлікте ұйықтаған полиция қызметкерлері қатаң сөгіс алды

  • Ақтауда қызметтік көлікте ұйықтаған полиция қызметкерлері қатаң сөгіс алды

    Ақтауда қызметтік көлікте ұйықтаған полиция қызметкерлері қатаң сөгіс алды



Қала тұрғындары, 28 сәуірде, Ақтаудағы 33 шағын ауданда қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлерін суретке түсіріп алды. Олардың бұл әрекеті жұртқа жария болғаннан кейін қызметтік көлікте ұйықтаған полицейлер қатаң сөгіс алды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп. 


Ақтауда қызметтік көлікте ұйықтаған полиция қызметкерлері қатаң сөгіс алды


Сурет: lada.kz


Куәгерлер қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полиция қызметкерлерінің суретін желіге жариялаған. Ол сурет бірден желі пайдаланушыларының назарын аударды. Олар қызметтік көлікті ұйықтайтын жерге айналдырған полицейлерді қатаң сынға алып, жауапсыз деп сөкті.


«Міне, олардың жұмысқа деген қатынасы осындай. Қызметіне селқос қарайтын жауапсыз қызметкерлерді жұмысқа алып алады да, солардың сөзін сөйлеп, жақтап шығады. Онда, бәріміз жұмыста ұйықтап жатайық»,- деген пікірлер қалдырды желі қолданушылары.


Полицейлердің бұл әрекеті наразылық тудырғаннан кейін Маңғыстау облысының полиция бөлімінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсінік берді.


«Осы жағдайдан кейін тәртіптік комиссия құрылып, полиция қызметкерлеріне қатты сөгіс жарияланды. Және оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.


 



 

 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 16:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30