Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтаудағы "Грин Плаза" және "Грин Парк" ТҮК тұрғындары көлік қозғалысын шектеді

15 желтоқсан 2022, 23:53

Ақтаудың 17-шағын ауданында орналасқан "Грин Плаза" және "Грин Парк" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары бүгін, 15 желтоқсанда көлік қозғалысын шектеді. Осылайша, олар тұрғын үй кешенінің жанында қазандық орнатуға қарсылық танытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

 
Куәгерлер түсірген бейнежазбада Ақтаудағы екі ірі тұрғын үй кешенінің тұрғындары наразылық ретінде жаяу жүргіншілер өткелінде тізбек құрып, автомобильдер үшін жол жүруге кедергі келтіргені бейнеленген.

Адамдар осылайша ТҮК жанында қазандық орнатылатынына наразылықтарын білдіргісі келетіндерін хабарлады. Бұл жерге Ақтау әкімі келді. Жағдай реттелді, деп хабарлады әкімдік.

«Қазір осы ТҮК аумағында жылыту жүйесін жолға қою жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, жұмыс істеп тұрған қазандықтың қуатын арттыру мақсатында газбен жабдықтау бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстарды осы жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін автотұрақтың қолданыстағы аумағы қалпына келтірілетінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта тараптар келісімге келді. Тұрғындардан шыдамдылық танытуды сұраймыз, бұл жұмыстар халықтың игілігі үшін жасалуда. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Өз тарапынан қала әкімдігі қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету бойынша барлық белгіленген міндеттерді барынша аяқтауға тырысады, - деп түсіндірді Ақтау әкімдігі.