Ел жаңалықтары

Ақтаудағы жатақхананың қирауы: Мерт болған сотталушылар саны артты

  • Ақтаудағы жатақхананың қирауы: Мерт болған сотталушылар саны артты

    Ақтаудағы жатақхананың қирауы: Мерт болған сотталушылар саны артты

Ақтауда жатақхана ғимараты қирағанда қаза тапқан сотталушылар саны артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметі бойынша, төтенше оқиға салдарынан 11 сотталушы зардап шеккені анықталды.

 "Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан 3 сотталушы оқиға орнында қаза болды. Медициналық көмек көрсету үшін қалған 8 адам ауруханаға жеткізілді, олардың төртеуі тексеруден кейін мекемеге қайтарылды, ауруханаға жатқызуға негіз жоқ. Қалған төрт зардап шегушінің жағдайын дәрігерлер бақылап отыр”, – делінген ҚАЖК хабарламасында.

Ауруханаға ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров пен ҚАЖ комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов барды.

Зардап шеккендердің бірі ауыр халде, үшеуі түрлі орташа ауыр жарақат алған. Зардап шеккен сотталғандарға туыстарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесуге мүмкіндік беріледі.

"ҚАЖ комитеті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Зардап шеккен сотталғандарға, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деді ҚАЖК өкілі.

Маңғыстау облысының полиция департаменті “Адамдардың өліміне әкеп соққан сапасыз құрылыс" бабы бойынша соталды тергеуді бастады, тиісті сараптама тағайындалған. Сондай-ақ арнайы комиссия ҚАЖ-дың осы мекемесінің аумағындағы барлық ғимаратқа техникалық тексеру жүргізеді. Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауына алынған.

Айта кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында арнайы түзету мекемесінің төбесі құлап, екі сотталушы көз жұмғаны хабарланған болатын.




Көрілген: 1857    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.07.2021, 02:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30