Ақтаудағы өрттің иісі: Экологтар көрсеткіштер қалыпты деңгейде дейді

12 мамыр 2022, 00:34

Ақтаудағы өрттің иісіне қатысты экологтар тұрғындардың шағымына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy mangystaumedia-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық Экология департаментінің қызметкерлері Ақтау қаласында ауаның құрамын тексеріп, концентрация мөлшері рұқсат етілген шектен асып кетпегенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Ақтаудағы атмосфералық ауа мониторингі төрт бекетте жүргізіледі.